Тақырыбы: «Артикуляциялық жаттығулар»

Өткізуші педагог: А.Аймағанбетова
Мақсаты: Сөйлеу мүшелерінің (ерін, тіл, жақ, жұмсақ таңдай) дұрыс әрі үйлесімді жұмыс істеуін дамыту.
• Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету
• Сөйлеу мүшелерінің қозғалысын (икемділігін, күшін) дамыту
• Тіл мен еріннің дәл қимылын қалыптастыру
• Дыбыстарды қоюға дайындық жасау
• Сөйлеу анықтылығын (дикцияны) жақсарту
• Дыбыстарды шатастырмауға үйрету
Сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын жетілдіру арқылы дыбыстарды дұрыс, анық айту дағдыларын қалыптастыру.




