Тақырыбы: «Ерекше баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу»

Өткізуші педагог: А.Аймағанбетова
Мақсаты: Баланың қоғамда өз орнын табуына, басқа адамдармен қарым-қатынас жасауына және күнделікті өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау.
• Қарым-қатынас дағдыларын (сөйлесу, тыңдау, түсіну) дамыту
• Қоғамдық ортада өзін дұрыс ұстай білуге үйрету
• Өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастыру
• Құрдастарымен қарым-қатынас орнатуға бейімдеу
• Әлеуметтік ережелер мен нормаларды түсінуге үйрету
• Эмоцияларын дұрыс білдіруге және реттеуге дағдыландыру
• Қоршаған ортаға сенімділігін арттыру
Оның қоғамда қарым-қатынас жасау, өзін-өзі ұстау және күнделікті өмірге қатысу дағдыларын қалыптастыру.




